Керегі – тыныштық пен ырыс-құт
Ұлтаралық келісім көпэтносты мемлекеттің ең негізгі ұстанымы болуы шарт. Оны ортақ тарихи құндылықтардың нығаюына, қоғамдық дамуға кепіл болатын басты қағида деп түсінуіміз керек. Ұлттар мен ұлыстар арасындағы ынтымақтастықтың сақталуына тұтас ел болып ықпал жасауға мүдделіміз. Бәріміз куә болып отырғандай, бір шаңырақ астырдағы эносаралық татулыққа жік түсіретін жағдайлардың орын алып жатқаны жасырын емес. Мұндай келеңсіздікке душар болмаудың жолы, меніңше, рухани ғана емес, әлеуметтік сипаттағы мәселелердің шешімін табуға назар салған жөн. Түсінбестікке, мәмілесіздікке жол беру елді ұшпаққа апаратын әрекет емес. Мемлекетті алып кеме десек, оның барлық тұрғынының тағдыры, бағыт-бағдары бір, мүдделері ортақ. Біз осы кезге дейін сырт көзге айрандай ұйыған, татулығымен үлгілі ел болып келдік. Сондықтан, осы өнегеміз өркен жая түсуі қажет. Ол үшін ел назарына іліккен этносаралық дүрбелең жағдайды ушықтырмай, керісінше, жарастығымызды нығайта түсуге, кем-кетік дүниелерімізді түгендеп алуымызға себепкер болуы тиіс. Ырыс-құт – тыныштық ұялаған шаңырақта ғана болатынын есімізден шығармайық!
Оралбай Құрманбайұлы,
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ оқытушысы,
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ оқытушысы,
Философия ғылымдарының докторы (РҺD)