Заңсыз шеру өрге бастырмайды
Қазіргі уақытта халықты 22 ақпанда санкцияланбаған митингке шығуға үндеушілер пайда болғаны жасырын емес. Оның алдын алу шаралары да жүргізілуде. Жалпы, өз тарапымнан айтарым, қазіргі алаңға жиылып, дүрбелең туғызатын заман емес. Қазір технология, байланыс мүмкіндігі дамыған дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Арыз-тілек, шағым-талаптарды жеткізудің жаңа, мәдениетті жолдары бар. ҚР Президенті Қ.Тоқаев айтқандай, революциялық жолмен ешқандай жетістікке жете алмаймыз. Сондықтан ол "Халыққа құлақ асатын мемлекет" концепциясын ұсынды. Өңір басшыларына барынша ашықтықты қамсыздандыру үшін әлеуметтік желілерде парақша жүргізуді міндеттеді. Былайша айтқанда, билік пен халықтың арасындағы "көпір" беки түсті. Еркін диалогқа жол ашылды. Бір сөзбен, толғантқан мәселеге жауап алудың тетіктері көп. Ал деструктивті сипаттағы, "айқайға аттан қосу" пиғылындағы заңсыз әрекеттер өрге бастырмайды. Бұл өскелең ұрпаққа да өнеге болатын іс емес. Сондықтан, елдің тыныштығына кесірі тиіп, дамуына тежеу салатын, арты абыройға апармайтын заңсыз шеруге шықпауды замандастарымнан өтініп сұрар едім.
Абылайхан КӘКЕНОВ,
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ
Экономика және құқық институты
директорының орынбасары