ЖАҢА ЖЫЛҒА АСЫҚПА!

            Өңірлік  баспасөз орталығында БАҚ өкілдерімен кездескен Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов тілші қойған сауалға  «Жаңа жылға асықпаңыз. Ең алдымен бас мерекеміз – Тәуелсіздік күнін лайықты қарсы алу керек. Жаңа жыл туралы әңгімені содан кейін айта жатармыз. Ал Тәуелсіздік күніне орай, қостанайлықтарды ауқымды мерекелік шаралар мен қуанышты жаңалықтар күтіп тұр» – деп жауап берді.
DSC_9004
 
Қ.Ахметов журналистерге Қостанай қаласының 2019 жылғы даму қорытындылары туралы баяндады.  Әкімнің айтуынша, Қостанайда, әсіресе, автокөлік өндірісінің дамуы ерекше қарқынды. Биыл Қазақстанда  38 мың көлік құрастырылса, соның тең жартысы Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» зауытынан шыққан.
DSC_9012
Облыс орталығында халықты баспанамен қамту мәселесі де оңтайлы шешім тауып жатыр. Биыл Қостанайда 231,5 мың шаршы метр тұрғын үй бой көтеріп, 82 балалы отбасы баспанамен қамтамасыз етілген.
DSC_9001
 
Суреттерді түсірген: Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓