Ауылға ауыз су келді
Тәуелсідікке тарту Жітіқарадағы Ырысай ауылында жалғасты. Мұнда су беру желілері іске қосылды. Тұрғындар үшін осынау қуанышты сәтке облыс әкімі өзі келіп қатысты. Ауыз су тарту үшін ұлттық қордан 270,9 млн теңге бөлінген. Құбырдың ұзындығы – 13 шақырым.
Бүгіндері таза суға 170 отбасы қосылған. Тұрғындар дән риза. Барлық құрылыс жұмыстарын қостанайлық мердігер атқарды.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.