ЖАҢА ЕСІМ – ЖАҢА ТАРИХ

     Құрметті қостанайлықтар! 2019 жылдың 25 қыркүйегінен бастап «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының үшінші кезеңіне қатысуға өтінімдер қабылдау басталады. 
     Жоба тәуелсіздік жылдарында біздің азаматтарымыздың түрлі қызмет саласындағы жетістіктерін насихаттауға бағытталған.
     Жобаға Қазақстанның кез келген аймағында тұратын түрлі этностардың өкілдері қатыса алады. 2019 жыл Жастар жылы болып белгіленгенін ескере отырып, 39 жасқа дейінгі жас қазақстандықтардың табыс тарихын іздеуге және таңдауға ерекше назар аудару жоспарлануда.
       Өтінімді 1 қарашаға дейін ruh.kz сайтында толтыру қажет. Қалауыңыз бойынша өзіңіздің өмір тарихыңыз жайында бейнбаяндар жүктеуге болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓