“Сайғақ” па, “киік” пе?
Бұл – Қостанай қаласындағы "Qostanay plaza" сауда орталығы маңына таяуда ғана орнатылған мүсін. Шыныдан жасалған ескерткіш шынымен де көз тартарлық. Авторы – нұрсұлтандық Рустам Карамысов. Бір әттегені, осы әдемілікті атауы бүлдіріп тұрғандай. Мүсінді орысшасына ұқсатып "Сайғақ" деп ныспылапты. Қазақ бұл дала жануарын "киік" немесе "ақбөкен" демеуші ме еді? Сіздер не айтасыздар?