Елбасы көп жүрген көше

Мен 42 жылдан бері осы Қостанай қаласында тұрамын. Республикалық, облыстық БАҚ-тың өкілі ретінде қатарынан 15 жылдан астам Елбасының Қостанайға келген іс-сапарына басы-қасында жүріп көріп куә болған, кей жылдары, тіпті, Елбасымен жүзбе-жүз сұхбаттасқан журналистердің бірімін.
Облыс орталығындағы Қостанай   дизель зауыты кеңес заманында салынды. Содан бастап  Назарбаев талай рет  келіп, оның тыныс-тіршілігін  қадағалап,  тәуелсіздік жылдары осы алып кәсіпорынның шаңырағын ортаға түсірмей сақтап қалды. Оны қазіргі «СарыаркаАвтоПром» етіп қайта түлеткен де Назарбаев. Дәл осы Гагарин көшесімен барып өндірісті жаяу аралағаны  есімде. Сондай-ақ көше бойындағы «АгромашХолдинг» кәсіпорынымен де Елбасы танысқан. Осы көшемен Орталық футбол стадионына барып үлкен мерекелік салтанатқа қатысып, қалың жұртпен  дидарласқаны, «Еңбек резервтері» спорт кешенінде  споршыларға  ақ тілегімен дем бергені, колледждердің оқушыларына оқуда табыс тілегенін өз құлағымызбен естідік.526976
Енді мына қисынды қараңыз. Дәл осы Назарбаев көп жүрген  қаланың бұл бөлігінде,  көшенің  нақ төр жағынан  Назарбаев интеллектуалды мектебі ашылды! Сонымен қатар, қалың елге аян, даңқты диқаншымыз Кәмшат Дөненбаева Елбасымен жақсы таныс, қамқорлық шапағытын көрген кісі. Бүгінде айтулы апамыздың ескерткіші бар Дөненбаева аллеясы Жастар сарайымен үйлесе жарасым тапқан! Талай рет Елбасы осы көшемен солтүстік Федоров,  Қарабалық  аудандарының егін алқаптарына аралауға шыққанына, одан әрі асып Ресейге де достық сапармен аттанғанын да көзіміз көрген. Ендеше бұл көшенің басқаша аталуы мүмкін бе, ағайын?!
Гагаринге келер болсақ, бұл тұңғыш ғарышкердің есімі тұтас елімізді айтпағанда, облысымыздың барлық қала мен аудандарының көше мен мектептерінде бар. Гагарин әбден ұлықталып, мектеп оқулығына дейін енген есім. Сондықтан оның  рухы қазақ еліне бек риза. Қазақ  Елінің  тұңғыш Тәуелсіздік туын тіккен Елбасының есімін ірі магистралды даңғылға айналғалы тұрған  көшеге беру қисынды әрі әбден лайық.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓