Ауыл әкімі екен…

Ауыл әкімі мас күйінше көлікке отырғаны үшін қатаң сөгіс алуы мүмкін. Бұл жағдай Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Молодой человек с бутылкой пива за рулем автомобиля

Молодой человек с бутылкой пива за рулем автомобиля

Аталмыш дерек мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқық бұзу фактілерін мониторингтеу кезінде анықталды. Бұл жолы Федоров ауданы Новошумный ауылының әкімі Болат Бақытжанов назарға ілікті.
«Биылғы 2 наурызда Болат Бақытжанов жол ережесін бұзып, алкогольді ішімдік ішкен күйі Р510 АМА 10 нөмірлі Audi көлігін жүргізген. Осылайша6 ол Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 608-бабы 1-бөлігі бойынша тәртіп бұзды. Әкімшілік іс 13 наурыз күні Федоров аудандық сотында қаралды. Сот отырысында Б.Бақытжанов кінәсін мойындады»,- деп мәлім етті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінң облыстық депаартаменті.
Ауыл әкімінің өзі теріс қылығын мойындап, мән-жайды түсіндірді. Айтуынша, сол күні Федоров ауылында досының туған күнін тойлап, екі бөтелке сыра ішкен. Түн жарымында анасы телефон шалып, әкесінің науқастанып қалғанын айтады.
Оны естіген соң бірден көлікке отырып, Затобол кентіндегі ата-анасының үйіне жол тартқан. Әдеп кеңесінің мүшелері аудан әкімінің Бақытжановты жақсы жағынан сипаттағанын ескере келе, оған мемлекеттік қызмет этикасын бұзғаны үшін қатаң сөгіс беруді ұсынды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓