Мүлікті жария ету акциясы басталды

2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап мүлікті жария ету процесі басталды, ол 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылады.
Осы мақсатта қалалар мен аудандардың әкімдер аппараттары жанында мүлікті жария ету жөніндегі комиссиялар құрылды. Құжаттарды қабылдау қала, аудан әкімі аппаратының кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2015 жылғы 30 қарашада аяқталады.
жарияҚазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті жария ету үшін құжаттар, егер жылжымайтын мүлік жария етілсе объектінің орналасқан жері бойынша комиссияға, тұрғылықты орны бойынша жария ету үшін комиссияларға ұсынылады.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тұрған мүлікті (ақшадан басқа) жария ету кезіңде құжаттар тұрғылықты орны бойынша салық органына беріледі.
Ақшаны жария ету кезіңде жария ету субъектісі екінші деңгейдегі банктеріне немесе ақшаны аударуға болатын жинақ шотын ашатын Ұлттық пошта операторына жүгінеді. Ақша жинақ шотына аудару күнінен бастап жария етілген деп есептеледі.
Мүлікті жария ету жеке тұлғаларға ғана болады: Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар.
Мынадай мүлік:
1) ақша;
2) бағалы қағаздар;
3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі (бұдан әрі – қатысу үлесі);
4) оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа);
5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);
6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады.
Жария етуге алым Республиканың шегінен тыс жерлерде тұрған мүлікті жария ету кезінде 60 айдан бұрын жария етілетін ақшаларды пайдалану барысында ғана төленеді. Бұрын белгіленген мерзімінен пайдаланылған ақшаны жария етуге алым бағалы қағаздарды және т.б. жекешелендіру, сатып алу жолымен оларды экономикаға инвестициялау кезіңде өндіртіп алынбайды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓