“Ардагерлерді ардақтайық” акциясы Арқалықта
Қалалық Мәдениет сарайының жанынан жұмыс жасайтын Жастар бастамалар орталығы республикалық «Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы аясында соғыс, тыл және еңбек ардагерлеріне қол ұшын созып, көмек көрсету шараларын қолға алды.

Акцияның алғашқы күні құрамында Арқалық медицина колледжінің шәкірттері бар ерікті жастар тобы Родина ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Қойшыбай Құсбековтың шаңырағында болды. Жастар қарияның ауласын қардан тазартып, үй шаруасына жәрдемдесті.




Ерікті жастар тобы осы бағыттағы жұмыстарын алдағы мамыр айына дейін жалғастыра бермек ниетте.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы