Қызметтерін асыра пайдаланған

Қостанай қалалық ІІБ криминалдық полициясының жедел уәкілі өзіне және ұйымға пайда табу, яғни қылмыстың ашылу көрсеткішін көбейту мақсатында “жәбірленуші К.-ға” фотоаппаратының ұрланғандығы туралы жалған хабар беруге, ал азамат В.-ны алдау және сатып алу жолымен өзін ұрлық жасадым деп айыптауға мәжбүрлеген, сондай-ақ, бұл қылмыстық істі тараптардың татуласуымен тоқтатуға уәде еткен.
 тұтқынБұдан басқа, жедел уәкіл өткен жылдың желтоқсан айында аталған полиция бөлімшесі бастығының орынбасарымен алдын ала сөз байласып, қарақшылық шабуылға қатысы бар екендігін тексеру барысында азамат С.-ны кісендеп, 3 сағаттан жоғары мерзімде заңсыз ұстап отырған. Осы істерге байланысты үстіміздегі жылдың 5 қыркүйегінде үкім шығарылып, Қостанай қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі ҚР ҚК 348 б. 2 б., 307 б. 2 б., 346 б. 1 б. көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылды. Осылайша, қызметін асыра пайдаланған жедел уәкіл 1 жылға бас бостандығынан айырылып қана қоймай, екі жылға мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет ету құқығынан және полиция аға лейтенанты шенінен де айырылды. “Кепіл” түріндегі бұлтартпау шарасы да өзгертіліп, ол сот залында дереу қамауға алынды. Ал, Қостанай қ. ІІБ криминалдық полиция бөлімшесінің бастығының орынбасары ҚР ҚК 346 б. 1 б. көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығын шектеу және екі жыл бойы мемлекеттік қызметте, құқық қорғау органдарында қызмет ету құқығынан айыру жазасы тағайындалып, полиция капитаны шенінен айырылды. “Кепіл” түріндегі бұлтартпау шарасы ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхатқа ауыстырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 
Қарлығаш Оспанова

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓