Еңбектің бағасы қанша?

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжанов Қостанайда өткен брифингке қатысты. Жиында мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің мәселелері талқыланды. Саян Ахметжанов қызметшілерге төленетін бонустардың мөлшерін есептеу әдістемесін түсіндірді. Оның айтуынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі арнайы қаражат көлемін бекіткен.
 
5135131019
 
– Бонус – мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша белгіленетін ақшалай төлем. Агенттік пен оның аумақтық департаменттеріндегі әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерге бонус мемлекеттік органның бонустық қоры анықталған соң төленеді. Ал құрылымдық бөлімшелердің бонустық қоры басшының жеке жұмыс жоспарының орындалуын бағалауға байланысты беріледі. Егер бөлімше басшысы қызметкерді бағалау қажет деп тапса, қызметкерлерге сыйақы тағайындалады. Жалпы, кез келген мемлекеттік қызметкердің бонусын арнайы құрылған комиссия анықтайды. Ережедегі формулаға сәйкес, бағаланған пайыз қызметкердің нақты атқарған жұмыс күндерінің санына көбейтіледі,-деп түсіндірді С.Ахметжанов.
Сонымен, арнайы формула бойынша, агенттікте жалпы орта есеппен алғанда әкімшілік қызметкерлерге сомасы 1 және 1,5 млн теңге мөлшерінде бонус төленді. Саян Ахметжановтың сөзінше, бұл қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарта отырып, өз жұмысында міндетін адал атқаруға бірден бір себебін тигізеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓