Елімізде «Еңбек адамы» байқауы басталды
Республикамызда жастар арасында жұмысшы мамандықтардың мәртебесі мен беделін өсіру мақсатында айтулы шараны ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар істері жөніндегі комитеті мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Ал, енді байқау негізінен алты өндіріс – құрылыс, тау-кен, металлургия және көлік пен машина құрастыру сияқты алты мамандық иелері арасында өтеді. Үміткерлер жасаған жұмысы және сол саладағы жеткен жетістіктері бойынша бәсекеге түседі. Конкурсқа қатысушылар ұйымдастыру комитетіне өтінім-анкетасын, жұмыс орнынан мінездеме және «Мен және менің жұмысым» атты таныстырылымын 10 қыркүйегіне дейін жіберуі тиіс. Барлық мәліметті palata.kz сайтынан немесе облысымыздағы кәсіпкерлер палатасынан анықтап білуіңізге болады.
Гүлназым Сағитова