МЫҢ АЛҒЫС САҒАН, АРДАГЕР!
Құрметті қостанайлықтар!
Уақыт бізді жеңісті 1945 жылдан қаншалықты алыстатқан сайын, біздің жеңімпаз халқымыздың тіпті жүз жылдан кейін де қайыспас жанқиярлық пен табандылықтың жарқын айға-ғы болатын теңдессіз ерлігінің маңыздылығын соншалықты жете сезіне түсеміз.
Осынау қасиетті күні біз өзі-міздің қымбатты ардагерлері-мізге алғысымызды білдіреміз, қатыгез шайқастарда қаза тапқандарының жарқын бейнелерінің алдында басымызды иеміз!
Олардың есімдері жаумен орасан зор шайқастардағы қаһармандық жылнамасына алтын әріптермен мәңгіге жазылып қойылған.
Тыл еңбеккерлері ақжүректі құрмет пен алғыс білдіруге лайықты. Олар зауыттар мен фабрикаларда, ұжымшар ал-қаптарында көптен күткен Жеңіс сәтін жақындату үшін қажырлылықпен барлығын да істеді.
Соғыстан кейінгі жылдары әлемді фашизмнен қорғап қалған халықтың иығына ауыр – елді қираған үйінділерден тұр-ғызу, жаудың бұзып, қиратқан шаруашылығын қалпына келтіру жүгі түсті. Бұл міндет те абыроймен орындалды.
Ұлы Отан соғысының аяқ-талғалы бері де 69 жыл өтті.
Бірақ осынау маңызы зор оқиға ұмытылмайды, ол ұрпақтан ұрпаққа, ата-аналарынан балаларына, жүректен жүрекке беріліп жеткізіледі.
Мұндай сабақтастықтың басты күші Отанына, туған үйіне, өзінің жақындарына, өзінің отбасына деген сүйіспеншілік болып табылады.
Бұл құндылықтар бізді қазір де біріктіреді. Соғыс ардагерлерінің және тыл еңбеккерлерінің өмірлік жолы бүгінгі күні де жас қазақстандықтар үшін жарқын үлгі болса керек, ардагерлердің тәжірибесі қоғамға қажет.
Қымбатты ардагерлер!
Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Денсаулықтарыңыз мықты, болашаққа деген сенімдеріңіз зор болсын. Сіздерге және Сіздердің жақындарыңызға шын көңілден бақыт, бейбіт-шілік, ізгілік пен ырыс-береке тілеймін. Сіздерге Ұлы Жеңіс үшін рахмет!
Қостанай облысының әкімі Н. Садуақасов.