Жұқа мұз – жасырын қауіп
Қазір өзен-көлдердің беті еріп жатыр. Су айдынына шығу қауіпті. Құтқарушылары осылай деп дабыл қағады. "Көктемгі мұзға шығуға асықпаңыздар, орнықты болып көрінгенмен ол енді жұқа, ересек адамды ғана емес кішкентай бүлдіршінді де көтере алмайды. Берік мұз қара түсті және біркелкі қармен қапталғандығымен ерекшеленеді. Мұздың қалындығы барлық жерде бірдей емес. Жұқа мұз өзен-көлдердің жиегінде, иірімдерде, иінінде, қатып қалған заттардың маңында, жер асты қайнар көзі тұсында, су айдындарына жылы суды ағызу орындарында және құбыр суағарлары маңында болады.
Құрметті ата-аналар! Балаларды үлкендердің қарауынсыз өзеннің жанына жібермеңіз, олардың есіне сақтық шараларын үнемі салып отырыңыз, балаларға сең жүру және көктемгі тасқын уақытындағы қауіп-қатер жайлы түсіндіріңіз.
Құрметті оқушылар! Бұл мезгілде су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін ұмытпаңыздар. Көктемгі су тасқыны кезінде мұз үстіне шықпаңыздар, жарылған және шайылған жағауларда тұрмаңыздар, олар опырылып кетуі мүмкін", — делінеді облыстық ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің хабарландыруында.