Сында – оқушы мен ата-ана
Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде «Туған жер» бағдарламасының аясында ерекше спартакиада өтті. Ерекше дейтініміз, жарысқа оқытушылармен қатар ата-аналар қоғамдастығы да өзара команда құрып, бақтарын сынап көрді.

Шараның басты мақсаты – студенттермен қатар, олардың ата-аналарының бойында туған жерге, өскен ортаға, ұрпақты білім нәрімен сусындатып жатқан қарашаңыраққа деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру. Сондай-ақ, бала тәрбиесі жолында ата-аналар мен білім мекемелерінің қоян-қолтық жұмысын жандандыру.


Қуаныш ЕСҚАБЫЛ