САЯСИ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтың төрағалық етуімен «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға облыстық Саяси кеңестің мүшелері, облыс әкімінің орынбасарлары мен қала, аудан әкімдері, партия мүшелері мен ардагерлер, облыстық мәслихат депутаттары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. IMG_7661
IMG_7778Көпшілікті кеңес отырысының күн тәртібімен таныстырған партияның облыстық филиалының төрағасы А.Мұхамбетов: «Біз бүгін «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде айқындалған міндеттерді өңірде жүзеге асыру жолдарын талдап, таразылайтын боламыз.  Съезде Партия жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді және «Нұр Отан» Партиясының 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасы қабылданды. Сондай-ақ партия Саяси кеңесінің және орталық бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері сайланды. Ең бастысы –  Елбасы, Партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Үкімет пен аймақ әкімдеріне, партия алдына әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың үш бағыты бойынша нақты міндеттер қойды. Елбасы қойған міндеттердің ішінде, әсіресе,  табыс көлемін ұлғайту және әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарды қолдау, табысы төмен азаматтарды баспанамен қамту және білім мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру, сондай-ақ өңірлерді кешенді дамыту мәселелері аса маңызды", – деді.  IMG_7657
Кеңейтілген отырыста қоғамдық ұйым өкілдеріне сөз берілмеді. Есесіне нақты істің басы-қасында жүрген басқарма басшылары сөйледі. Олар алдағы онжылдық ішінде Елбасы міндеттеген 10 мақсатқа жету үшін өңірде қандай міндет-жобалар жүзеге асырылмақ?  Осы жайында қысқа да нұсқа, нақты баян етті.
 
Бірінші кезекте көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетіледі
 
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлнар Әбенованың баяндауынша, өңірде тұрмысы төмен 17 отбасы саяжайлар мен уақытша лашықтарды, 10 отбасы қамыс үйлерді паналап отыр. Ал 360 отбасы пәтер жалдап күнелтіп отырса, 36 отбасы жатақханада тұрады. Басқарма басшысы бірінші кезекте осы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілетінін жеткізді. IMG_7728«Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау жөнінде бірнеше бағыт бойынша жоспар құрдық. Атап айтқанда, ірі компаниялар мен кәсіпкерлер есебінен пәтер бөлу, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін беру, тұрғын үйге бастапқы жарнаны субсидиялау, көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй санын көбейтуді басты назарға алдық. Кейбір компаниялар бұл көмекке өздері ниет білдіріп отыр. Бүгінде қостанайлық кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің белсенді азаматтық ұстанымының арқасында 10 көпбалалы және аз қамтылған отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында көмек көрсетілді», – деді басқарма басшысы.IMG_7688
«7-20-25» бағдарламасы шеңберінде көпбалалы отбасылар үшін тұрғын үйге  бастапқы жарнаны субсидиялау шеңберінде 84,0 млн теңге сомасында пайызсыз қарыз беріледі. Гүлнар Әбенованың сөзінше, бұл қаражат 135 пәтер сатып алуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасылардың балаларына ай сайын 20 789 теңге мөлшерінде кепілді көмек төленеді.
Тағы бір жағымды жаңалық, ауылдық мекендерде тұратын көпбалалы және аз қамтылған отбасы мүшелері үшін қажетті мамандықтар  бойынша қысқа мерзімді оқу курстары ұйымдастырылады.
 
«Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасына қомақты қаржы жұмсалмақ
 
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Бекбаеваның айтуынша,  алдағы үш жыл ішінде шағын қалалаларды дамытуға жыл сайын 10 млрд. теңге бөлінетін болады. Бұл қаржы негізінен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жақсартуға жұмсалмақ.  IMG_7809Облыстағы 4 шағын қала –  Рудный, Лисаков, Жітіқара, Арқалықта өңір халқының 27%-і тұрады. Бұл қалалардың әлеуеті ірі кен өндіруші кәсіпорындарға тәуелді. Биыл аталған қалалардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға арналған 15 жоба қолға алынбақ. Оған 3 млрд. теңгеге жуық қаржы қарастырылған.IMG_7766
Биыл ауылдық мекендерді дамытуға арналған «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы қолға алынбақ. Арнайы жоба ауылдық елді мекендердегі халық тұрмысының сапасын көтеруге бағытталған. Бұл жоба аясында алдағы 3 жыл ішінде республика бойынша 1,5 мың перспективалы ауылдық мекенді көркейтуге  90 млрд теңге қаржы жұмсалмақ. Арнайы жобаның басты мақсаты – ауылдың әлеуеті мен әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымын дамыту.
Облыста 548 ауылдық мекен бар. Өңір халқының 45%-і ауылда тұрады. Бүгінде аталған 548 ауылдың 151-і болашағы бар перспективалы ауыл санатында. Бұл елді мекендерге  «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында 1,5 млрд. теңге бөлінбек. Бұл қаржы ауылдық мекендерде мемлекеттік және әлеуметтік қызмет көрсетуді, сондай-ақ өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жұмсалмақ.
 
1 150 дәрігер мен 15 мың медбикенің жалақысы 30%-ке өседі
 
            Партиялық бағдарламаның басты міндеттерінің бірі – денсаулық сақтау саласын дамыту мен дәрігерлердің әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Саяси кеңес отырысында сөз алған Денсаулық сақтау басқармасының басшысы В.Дудник биыл шілде айынан бастап өңірде 1 150 дәрігердің еңбекақысы 30%-ке өсетінін жеткізді. Оның айтуынша, өңірде негізінен терапевт, педиатр, акушер-гинеколог, неонатолог, онколог, фтизиатр, гематолог, психиатр мамандардың еңбекақысы еселенбек. Өңірде дәрігерлер жалақысын көтеруге 240 млн. теңге қарастырылған. Сонымен қатар, бұған дейін төмен жалақы алып келген 15 мыңдай  медбике мен санитарлық қызметкердің айлық еңбекақысы 30%-ке өседі.IMG_7784
            Облыс емханаларын қаржыландыру екі есе артпақ. Бұған дейін емханаларға жыл сайын 12,7 млрд. теңге бөлініп келсе, 2022 жылға дейін бұл көрсеткіш 25 млрд. теңгеге барып тіреледі. Бұл емханалардағы медициналық көмек сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, – дейді басқарма басшысы.
            Денсаулық сақтау саласындағы тағы бір жағымды жаңалық – биылдан бастап тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалатын қаржы 3 есе өспек.IMG_7787
Өңірдің денсаулық сақтау саласында  дәрігер-мамандар тапшы. Бүгінде денсаулық сақтау саласында 600 дәрігер жетпейді. Оның 360-ы  – өте қажет мамандар.  Дәрігер тапшылығын жою мақсатында биыл өңірге келуге ынталы дәрігер-мамандарға жалпы мөлшері 700 млн. теңге көтермеақы мен жәрдемақы бөлінген. Мұның сыртында келген маманды баспанамен қамтамасыз ету мүмкіндігі де қарастырылған.IMG_7697
Жиын барысында басқа да маңызды сала басқармаларының басшылары партия съезінде міндеттелген межелерді өңірде  жүзеге асыру бойынша жасалған жобалар жайында баян етті. Саяси кеңес отырысын қорытындылаған облыс әкімі А.Мұхамбетов: «Мемлекеттің қуаттылығы экономиканың даму қарқынымен және тұрғындардың тұрмыс сапасымен өлшенеді. Сондықтан, Елбасымыз айтқандай, Қазақстан халқы болашақта емес, қазір бақытты болу қажет», – деді.
 
Нұрқанат Құлабаев
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓