“Көптің көкейіндегіні дөп басты”

Басты мәселе – көп балалы аналарға, ауыл халқына бет бұрысы көңіл қуантады. Жастар мәселесіне көптеген қаржы бөлінбек. Міне, қазақтың қыз-жігіттері ауылға келіп, еңбек ететін болса, еліміз міндетті түрде алға басады. Егер олардың жағдайын жасайтын болса, әлбетте келеді ауылға. Сондықтан, съезде көтерілген мәселелер орынды. Көптің көкейінде жүрген сұрақтар шешімін тапты. Елбасының баяндамасы өте дұрыс деп ойлаймын.
Бүгін осы «Нұр Отан» партиясына 20 жыл болса, мен осы партияның алғашқы күнінен-ақ мүшесі болып келемін. Партияның белгісіндегі жолбарыс сияқты еліміздің алға айбарлана ұмтылатын кезі осы шақ деп білемін.
Ибраш Естаев,
«Естаев» шаруа қожалығының директоры.