Өркенді өзгерістер жылы

«Қостанай минералдары» АҚ басқарма төрағасы Ербол Нұрқожаев пен Жітіқара ауданының әкімі Абай Ибраев өзара ынтымақтастық жөніндегі кезекті меморандумға қол қойды.11111
Кәсіпорынның осы келісім бойынша бөлетін қаржысы жыл сайын артып келеді. Былтыр меморандум соммасы 88 млн теңге болса, биыл 100 млн теңгеге жетіп отыр. Әлеуметтік жауапкершілікті алғы кезекке қойған компания бұдан бөлек те аудандағы әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асыруға белсенді атсалысып жатқанын жұрт жақсы біледі.
2019 жыл жітіқаралықтар үшін маңызды оқиғаларға толы. Бұл, ең алдымен, қаланың 80 жылдық мерейтойы. Осыған орай, қаражаттың негізгі бөлігі абаттандыруға, мәдениет және спорт нысандарын жөндеуге бағытталмақ. Сондай-ақ, қаражат есебінен Ержан Тәтішев атындағы қалалық мешіт, шіркеу мен мүгедектер қауымдастығының коммуналдық төлемақылары толықтай өтелетін болады. Биыл оқу озаттарын ынталандыру, жағажайды жақсы қалпында ұстап тұру да назардан тыс қалмайды.
«Қостанай минералдары» АҚ тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналған субұрқақты қайта қалпына келтіру жұмыстарына меморандумнан тыс 30 млн теңге қарастырып отыр.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓