Жаңа әрі қымбат ас мәзірі
Қостанай қаласы білім бөлімі мектептерде жаңартылған ас мәзірі енгізілетіні туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қалалық білім бөлімі мамандарының сөзінше, жаңартылған ас мәзірі санитарлық дәрігерлер мен диетологтардың талаптарымен сәйкестендірілген. Енді оқушылар жаңа ас мәзірі бойынша арнайы кестемен толыққанды тамақтанады.
Денсаулыққа пайдалы жемістер мен көкөністер, тұзы аз тағамның түрлері көп. Пайдалы ас мәзірі бұрынғыға қарағанда әлдеқайда қымбатқа түседі. Тағамдардың бағасы жақын арада жарияланады.