Бес бастаманың басымдықтары

Мемлекет басшысының наурыз айында жарияланған бес әлеуметтік бастамасының Қостанай қаласындағы орындалу барысы қалай? Ондағы міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыруда қандай жұмыстар қолға алынды? «Қостанай және қостанайлықтар» айдары бұл жолы бастама басымдықтарына талдау жасамақ.
Қанша тұрғын үй салынды?
Елбасының әлеуметтік бастамаларының әлеуеті мен тиімділігін қала тұрғындары жан-жақты пайдаланып жатыр деуге толық негіз бар. Жалпы, Қостанай облысында тұрғын үй құрылысына ерекше назар аударылып отыр. Жыл басынан бері 17 пайыздық өсіммен 227,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. «7-20-25» бағдарламасының шеңберінде 58 өтінім қарауға келіп түсті. Олардың ішінде 45 өтінім мақұлданды. Елбасының тікелей тапсырмасы негізінде бастапқы жарналарды жеңілдетілуді субсидиялау үшін «Тобыл» ӘКК тиісті қаражаттың бәрін бөлді. Бұл дегеніңіз жергілікті бюджеттен 83,7 млн теңге қарастырылған. Бұған қоса өңірде 2 мың студентке арналған 5 жатақхана құрылысы жоспарланған.
IMG_7980
Жергілікті атқарушы орган «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй несиелеу бағдарламасы бойынша екінші деңгейіндегі банк арқылы келесі нысандар бойынша пәтерлердің сатылуы басталғаны туралы хабарлады:
 
Қостанай қ., «Әуежай» шағын ауданы, 9 қабатты үйді салу, Қостанай қ., 46-1 позициясы (сыртқы инженерлік желісіз)», нысанның коды 1100, Қостанай қ., «Әуежай» ш.а., 19 үй.
Тұрғын үй саны – 21 пәтер
Қостана қ., «Юбилейный» ш.а., 5 қабатты тұрғын үй (сыртқы инженерлік желісіз) 1 нысанның коды 1187, Қостанай қ., Юбилейный» ш.а., 26 үй.
Тұрғын жай саны – 23 пәтер
Қостанай қ., «Әуежай» шағын ауданы, 9 қабатты үйді салу, Қостанай қ., 41-1 позициясы (сыртқы инженерлік желісіз)», нысанның коды 1096, Қостанай қ., «Әуежай»  ш.а., 18 үй.
Тұрғын үй саны – 9 пәтер
Нысан: Қостанай қ., «Әуежай» шағын ауданы, 9 қабатты үйді салу, Қостанай қ., 42 позициясы (сыртқы инженерлік желісіз)», нысанның коды 1097, Қостанай қ., «Әуежай» ш.а., 20 үй.
Тұрғын үй саны – 46 пәтер
 
Екінші деңгейдегі банктерге жолдама алу үшін Қостанай қаласы, Пушкин көшесі 100, № 2 мекен жай бойынша орналасқан «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне («HALYKBANK» АҚ, «Банк Центр Кредит» АҚ, «Fortebank» АҚ, «АТФ банк» АҚ, «Цесна банк» АҚ) келу қажет.
Анықтама үшін телефондар: 87142-57-57-71, 39-11-62
 
Шағын бизнес – даму тетігі
 
Қостанайда шағын несие беруді кеңейту үшін 4,1 млрд теңге қарастырылған. Қазірге дейін сомасы 2,8 млрд теңге тұратын 772 шағын несие мақұлданды. Айта кетейік, Қостанай облысы «Цифрлық  Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын  іске асыру шеңберінде  ауыл шаруашылығын цифрландыру бойынша «Пилоттық жоба» ретінде белгіленген болатын. Бұл бағдарлама шағын және орта бизнес өкілдерін бәсекеге қабілетті ету үшін зор мүмкіндік береді. Бүгінде «Ақылды сүт фермасы», ет фермалары, нүктелі егін шаруашылығы жүйелері жақсы дамыған. Қала кәсіпкерлері әлеуметтік маңызы бар тауарларды шығаруда жемісті еңбек етіп келеді. Тиісінше, тауар бағаларын бақылау да басты назарда. Азық-түлік қауіпсіздігі және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу – қала әкімдігінің міндеті. Қостанай қаласында негізгі азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін инфляция деңгейін ұстап тұру жөніндегі жұмыс жүргізілуде. Осыған байланысты облыстың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына әсер ететін жедел жағдайды мониторингілеу жөніндегі жұмыс тобы, қаланың көтерме және бөлшек сауда желілерінің базарларында және ірі супермаркеттерінде бағалары бақыланды.
IMG_1025
Бүгінгі күні қаладағы бағаны реттеудің бір жолы – тұрақтандыру қорының қорларынан өнімдерді оқшаулау. Тұрақтандыру қорын пайдалану, баға деңгейінің жоғарылауы жағдайында комиссия шешімімен тауарлық араласу түрінде жүзеге асырылады. Тауарлық интервенциялар тұрақтандыру қорының өнімдерін әлеуметтік дүкендерде, сауда желілерінде, сондай-ақ ауылшаруашылық жәрмеңкелерінде өткізу арқылы жүргізіледі.
Осы жылдың қыркүйек айынан бастап негізгі азық-түлік тауарларына бағаның өсуін және халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді болдырмау мақсатында ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізуге жұмсалды, бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
IMG_0786
Қала тұрғындарын хабардар етсек, ағымдағы жылдың 24 қарашасында сағат 09:00 Абай даңғылы, 34 мекенжайында орналасқан жабық павильонда («Емшан» сауда дүкені ауданы) облыстың қалалары мен аудандарының тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеде ет, сүт өнімдерін, жоғары және бірінші сортты ұн, шұжық өнмдері, балық, жарма және макарон өнімдері, тауық жұмыртқасы, қант, картоп, көкөністер, май, бал т.б. өнімдер сатылатын болады.
 
Көлік инфрақұрылымы
 
Қазіргі таңда қалада автокөлік құрастыру жұмысы қарқынды дамып келеді. Жыл басынан көлік құрастыру 15,7 пайызға дейін өсті. Автоөндірістің негізгі драйвері – «СарыарқаАвтоПром» ЖШС алаңында биыл 7772 автокөлік, 93 жүк көлігі, 76 автобус пен микроавтобус шығарылды. Ал «АгромашХолдинг» АҚ-да 225 комбайн пайдалануға берілді. Соған байланысты кәсіпорынның өнімділігі 2,1 есеге артып отыр.
IMG_9285
Биыл өңірде атвокөліктердің санын 10 мыңға жеткізу көзделуде. 2019 жылы өндіруші алаңда 25 мың автокөлік құрау туралы мақсат қойылған. Негізі үш жыл бұрын бар болғаны 2,5 мың автокөлік шыққан-ды. ҚХР-дан биыл Қазақстан нарығына «SMC» ірі компаниясының енуіне байланысты 1,2 млрд АҚШ долларлық (негізгі пакеті «Группа Компаний Аллюр» АҚ-қа) инвестиция күтілуде. 2023 жылға дейін осылайша, жыл сайын шығарылатын автокөліктердің санын 60 мыңға жеткізуді жоспарланған.
Жалпы, көлік инфрақұрылымын дамытуға 36,7 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 27,6%-ға артты. Нәтижесінде, 18,4 шақырымды қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 26,4 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, тағы 441 шақырым жол орташа қалыпта жөнделді.
IMG_0872
Жолдардағы жөндеу жұмыстарында пайдаланылатын жаңа технологиялар арасында аймақтағы суық рециркуляция әдісі дәлелденген.
Бұдан басқа, жалпы сомасы 8 млрд теңге болатын Қостанай қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағдарлар мен рейстер санын, жолаушылар қозғалысын, кіріс және шығыс туризмін арттырады.
Сонымен қатар биыл 35 ойын алаңы, гимнастикалық кешендер және ашық жаттығу машиналары пайдалануға беріледі. 21 шағын футбол алаңы салынса, 600 млн теңгеге 15 хоккей корты орнатылды. 2019 жылы аулалық аулаларды салу үшін 1,6 млрд теңге бөлінеді.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓