МЖӘ: 17 млрд теңге, 45 жоба
Қостанай облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында 17 млрд теңгенің жобалары іске асырылуда.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті. Сондай-ақ ол мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберіндегі жобаларды іске асыру туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысы жөнінде хабардар етті.
«Облыста 17,0 млрд. теңге сомасында 45 мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жасалды», – деді Архимед Мұхамбетов.
Жалпы инвестиция сомасы 27,0 млрд теңгеден астам қаражатқа 68 жоба бойынша жұмыс жүргізілуде.
Спорт саласы бойнша Рудный қаласында «FutsalArena» спорт кешені, Қостанай қаласында күштік спорт түрлері академиясы, спорттық-көңіл көтеру кешені және футбол манежі салынды. Облыс орталығында 2,5 мың орынға арналған мұз айдыны сарайының және 50 метрлік бассейннің құрылысы басталды.
Білім беру саласында Арқалық, Лисаков және Жітіқара қалаларында 4 балабақша пайдалануға берілді.
Иллюстрациялық сурет