Үйден металл кеміргіш жәндік табылды
Қостанай тұрғыны үйінен өлі жәндікті тауып алып, оның басқалардан артықшылғына таңғалған, – деп хабарлайды "Тенгри ньюс" тілшісі. Суреттерден байқап отырсаңыздар, жолағы мен бізгегі араға ұқсайды, алайда оның денесі мен ұзын қанаттары инелікті еске түсіреді. Сөйтсе, ол мүйізқұйрықтылар тұқымына тиесілі екені анықталды.
"Үлкен мұйізқұйрықтыларды тағы қылқандылар деп те атайды. Қылқан ағашында оның жұмыртқасы өзінің алғашқы үш жылында өмір сүреді. Тоқылдақтың даусын естісеңіз, дәл осы мұйізқұйрықтыларды аулауы әдбен мүмкін. Ұрғашы жәндігі ағаштың үсітінде 400-500 жұмыртқа ұялатып қарапайым қарағай, теректе ұя салғанды ұнатады. Олардың бізгегі шағу үшін емес, тұқымын ағаштарға қалдырып кетуі үшін қажет. Яғни, қылқандылар шағып алмаса да, тістей алады", – делінген жазбада.
Жұмыртқаның жетілуі екі-үш жылға, кейде алты жылға дейін созылады екен.
"Қылқандылар жұмыртқаны жарып шыққан кезі өте керемет көрініс. Әдебиеттерде мұйізқұйрықтылар ағаш бетін, қорғасыннан жасалған өнімдерді, газ құбырларын, металл бұйымдардын кеміре алатыны жазылған", – деп жазды басылым.