Бас аман, дүние түгенделеді

Тамыз айының соңында Қостанай қаласындағы көпбалалы отбасы Кристина және Вадим Баттың үйі өртеніп кеткен еді. Төтенше жағдайлар қызметінің бастапқы болжамы бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Тілсіз жау жер үйдің іші-сыртын түгел жалмап, қабырғасы мен шатырын ғана қалдырыпты.

Оқыс оқиғаға болған сәтте Кристина төрт баласымен бірге далада серуендеп жүрген. Балаларының үлкені 7 жаста, кішісі  алты айлық. Қуанышқа орай, отбасы мүшелері дін аман. Бірақ, дүния-мүліктен, киім-кешектен дым қалмаған. Аталмыш жағдайдан дер кезінде хабардар болған «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы гуманитарлық көмек беруге бел байлайды. Облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Жаңабай Бисембаев дүйсенбі күні ұжымды бастап, өрт шалған үйге барды.

Нур отан 2 бет

-Біз бұл оқиға туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан оқыдық. Көпбалалы отбасы тығырыққа тірелген шақта үнсіз қалуды жөн көрмедік. Партиялықтар біздің бастамамызды бір ауыздан қолдады. Әсіресе, облыстық мәслихаттың депутаты Айтжан Есенгелдинов белсенділік танытып, гуманитарлық көмек беруге кірістік. Бүгінде өртенген үйді қалыпқа келтіру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Баспананың терезелерін ауыстырып, қабырғаларын түзетіп қойыпты. Алайда, бұл отбасыға әлі де көмек керек. Біз жағдайды өз бақылауымызға аламыз,-деді Ж.Бисембаев. 

Аталмыш отбасы кез келген көмекке мұқтаж. Партиялықтар апарған жарты тонна азық-түлікті олар қуана қабыл алды. Көпбалалы жанұяға жергілікті тұрғындар, жанашыр жандар қол ұштарын беріп жатқан көрінеді. Қазіргі күні Вадим еріктілермен бірге өртенген үйді қалпына келтіруде. Балаларын уақытша Таран ауданындағы туыстарының қолына жіберіпті.                                                                                     

Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓