Ғасыр тойға ғаламат сый

Биыл ақын, жазушы, аудармашы Қайнекей Жармағанбетовтің туғанына 100 жыл. Осыған орай 1968 жылғы ел азаматтары баба рухына тағзым қылып, ғасыр той құрметіне ескерткіш орнатты.ескерткішАшылу салтанатында аудан әкімі Шота Оспанов құттықтау сөз сөйлеп, замандастарына шексіз ризашылығын білдірді. Қайнекей бабамыздың туысы, еңбек ардагері Жұмақан Садуақасов от ауыз, орақ тілді ақын жайлы тебіреніп, естеліктерімен бөлісті. Ақын, журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Нағашыбай Мұқатов жүйелі ойын ашық айтып, “Қайран, Қайнекей” атты өлеңін баба рухына арнады. Сондай – ақ, жақында ғана жарық көрген “Көкірек көзі” деген кітабын аудан әкіміне сыйға тартты. Қ.Жармағанбетовтың сөзіне жазылған “Теміртау жастарының жыры” атты өлеңді Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, күміс көмей әнші Отаркүл Мұқатова нақышына келтіріп орындап, өнер сүйер қауымның алғысын арқалады. Ескерткіштің құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуіне жауапты болып, басы – қасында жүрген Берік Маканов ел рухын көтеріп, қазақтың даналы сөздерін тілге тиек етті.
Тұлғасы бөлек баба рухына арнап тұрғызған ескерткіштің лентасы салтанатты түрде қиылып, ақ жаулықты аналарымыз шашу шашып, қазақтың салт – дәстүрін жаңғыртты.
                                                                 Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
                                                                       Жанкелдин ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓