Бишілер байқауы өтті

Лисаков қаласында облыстық «Тобыл толқындары» атты  Астана қаласының 20 жылдығына арналған хореографиялық ұжымдардың байқауы өтті.????????????????????????????????????
Байқаудың мақсаты – «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру,  хореографиялық өнерді халық билері арқылы насихаттау, мәдени мұраны дамыту және сақтау, Қазақстанда тұратын халықтардың дәстүрлі мәдениетін жаңғырту, сақтау, дамыту, үздік хореографиялық ұжымдарды анықтау, жастарды хореография өнеріне тарту, өздігінен өнерлерін жетілдіруге және шығармашылық жағынан өсуіне жағдай жасау. ????????????????????????????????????
Байқауға Қостанай облысының аудандары мен қалаларынан 11 би ұжымы қатысты. Облыстық би байқауының бірінші бөлімінде үміткерлер қазақтың сюжетті, яғни мазмұнды биін орындаса, ал екінші бөлімінде байқауға қатысушылар Қазақстан жерінде тұрып жатқан өзге халықтардың  билерін орындап, өнерлерін ортаға салды.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Ремикс» би ансамблі (Рудный қаласы) І орынға ие болды. ????????????????????????????????????
 ІІ орынға «Жұлдыз» би ансамблі (Меңдіқара ауданы), ІІІ орынға «Танцевальная графика» (Жітіқара ауданы) және «Фаворит» би ансамблі (Денисовка ауданы) лайық деп танылды.       
Байқау жеңіпаздарына  диплом табыс етіліп, сый-сияпат жасалды.????????????????????????????????????

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓