COVID-19: 25 адам
Жітіқара қаласында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 4 жағдайы тіркелді. Бұл жөнінде өңірлік жедел штаб хабарлайды.
«Індетті жұқтырғандар 1968 және 1990 жылғы екі ер кісі, 1962 және 1989 жылы туған екі әйел. Барлығы мақсатты түрде эпидемиологиялық тексеру барысында анықталған, болжам бойынша науқастармен қатынаста болқан. ПТР диагностикалық зерттеудің нәтижелері бойынша СOVID-19 диагнозы расталды. Барлық жағдай бойынша олармен қарым-қатынаста болған адамдардың жеке басы анықталуда, оқшаулау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы іс-шаралардың толық спектрі өткізілді», – делінген.
Айта кетейік, 21 сәуір сағат 10.00 уақыты бойынша Қостанай облысында СOVID-19 инфекциясымен 25 адам анықталды, сауыққаны – 1 адам.