“Мәуленовтегі” кісі өлімі тергелуде

Он күн бұрын Қостанай қаласының Мәуленов көшесінде 57 жастағы ер адамның мәйіті табылған болатын. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. мент27 шілдеде шамамен сағат 19.00-де Мәуленов көшесі бойындағы "Балық" дүкені маңынан Қарасу ауданы тұрғынының денесі табылған еді. Осы дерекке қатысты 64 жастағы күдікті ұсталып, ҚР ҚК 99-бабы ("Кісі өлімі") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Рудный қаласындағы уақытша қамау изоляторында отыр. 
Бұған қоса, облыстық ІІД криминалды полиция басқармасы Мәуленов көшесінде 2013-2018 жылдары аралығында болған оқиғаларға анализ жасады. Оның қорытындысы бойынша, осы мерзім аралығында мұндай ауыр қылмыс дерегі тіркелмеген.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓