Күйдіру пеші іске қосылды
Көптен күткен Рудный цемент зауытында айналмалы күйдіру пеші тестілік режимде іске қосылды. Қазіргі таңда Қостанай облысының Индустрияландыру картасында енген кәсіпорында технологиялық процестер мен жабдықтар соңғы сынаудан өткізіліп жатыр.



– Күйдіру технологиясына арнайы жабдықтар – бессатылы кальцинатор мен декарбонизаторды пайдаланудың арқасында пештің жобалық ұзындығы 160 метрден 52 метрге дейін қысқарды. Бұл бізге энергия шығынын екі есеге азайтып, шикізатты дайындауда шығарылған газдардың энергиясын пайдалануға мүмкіндік береді, – дейді Рудный цемент зауытының директоры Артем Макласов.


????????????????????????????????????
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ