Ақ тілекпен – астықты аймақтан!

Бүгін Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы елдің түкпір-түкпірінде тойланып жатыр. Алаш жұртының ортақ мерекесіне қостанайлықтар да үн қосты. IMG_0440
Дүбірлі думан ерке Тобыл жағалауынан бастау алды. Таң ата салысымен осында ағылған қостанайлықтардың қарасы қалың. "ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы" саябағының концерттік сахнасы әсем ән-күй төгіп тұрды. Қаз-қатар тігілген ақшаңқан шатырлар мен этноауыл да сәнімен көңіл баурап, көз тартады. Мұнда "Qolóner" аталатын шеберлер көрмесі, ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғыртқан ұжымдар өнері ерекше тартымды. Қай жерде де көрер қызық көп. Дей тұрғанмен, мұның бәрі – бүгінге жоспарланған мерекелік шаралардың бір парасы ғана…7n27HvxcSvw
gklcI1LjGO0
этноауылҚостанайдағы Елорда тойын облыс әкімі А.Мұхамбетов өзі арнайы келіп бастап берді. IMG_0395"Біз бүгін керемет мерекені атап өтіп отырмыз. Осыдан 20 жыл бұрын Елбасы жарлығымен Астана қаласы Қазақстанның бас қаласы болды. Елордамыз қазақстандықтардың бірлігі мен ынтымағының нышанына айналды. Ол – Тәуелсіздіктің төл перзенті. Астананың осынау жетістігінде еліміздің әр өңірінің еншілі табысы бар, оның қатарына Қостанай облысының дамуын да үлгі етіп қоса аламыз. Бүгін біз істеген еңбектің бәрі ертеңгі тарихқа айналады, ал сол ертеңіміздің қандай болмағы әрқайсымызға байланысты. Өйткені біз бірлік-береке арқылы ғана жаңа табыстарға жетеміз. Тек табанды да ақадал еңбекпен ғана өмірімізді жарқын ете аламыз", – деді ол құттықтау сөзінде.
Жүрекжарды лебізінен соң бірнеше ел азаматына Астана күні қарсаңындағы марапатын табыстады. Өңіріне мерекелік медаль таққандардың қатарында медицина қызметкерлері, ақындар, облыстық мәслихат депутаттары, еңбек ардагерлері және басқалары бар.IMG_0439
IMG_0493
IMG_0482
IMG_0459
uXMj_zcWnGw
IMG_0466Ізінше, аймақ басшысы облыс орталығының басқа бөлігінде болып жатқан өзге де маңызды шараларға қатысуға жолға шықты. Ал мұндағы қалың жұртшылық, думаншыл меймандар облыс өнерпаздарының "Астана – Еуразия жүрегі" атты керемет концертін, "Қалалар" аталатын спорт ойындарын, жазғы шаңғы тебуден өткен чемпионатты тамашалады. IMG_0433
 
IMG_0407
COTuTkHrqXA
IUbuaFPW83g
ша45ыАйта кетейік, 19.00-де осы маңда, ашық аспан астында Астана туралы фильмдер көрсетіледі. Сондай-ақ, сағат 20.00-де "Астана – армандар қаласы" мерекелік бағдарламасы басталады. Мұның аясында Новосібір қаласынан келген "Шапито" цирк бағдарламасы назарға ұсынылмақ. Кешкі 22.00-де қазақ эстрадасының жұлдыздары – "Досмұқасан" тобы мен Ерке Есмахан өнер көрсетеді. Іс-шара әдеттегідей ғаламат пиротехникалық шоумен аяқталады.
 
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓