Өзеннен ер адамның мәйіті табылды
Қостанай ауданында Тобыл өзенінің жағасында ер адамның денесі табылды. Ақпаратты Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі таратты. Оқиға Қостанай ауданында болған.
«26 маусым күні сағат 17:16-да Заречный ауылының тұрғындары Тобыл өзенінің жағасында ер адамның денесін тапты. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамалар жасалып жатыр», – деді облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер.
Еске салсақ, 25 маусым күні Қостанай облысында 10 жасар бала су тоғанына түсіп, мерт болды.