Жастарға серпін берер жоба

MAR_4671
Дариха Дүйсебаева,
Л.Толстой атындағы облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасының директоры
 
 
 
Ел болашағы жастардың білім алуына, алдыңғықатарлы мемлекеттердің озық тәжірибелерін оқу үрдісіне енгізу бағытында атқарылуға тиіс жұмыстар Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасында тізбектеліп айтылған. Сондықтан Мемлекет басшысы «100 жаңа оқулық» жобасын қол алуды тапсырды. Гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таң­даулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау – алдағы бірнеше жылдың үдесіндегі мақсат-міндет.
Аталған жобаның мазмұнында үңілсек, студенттер тарих, саясаттану, социология, философия, психология, мәдениеттану және филология бойынша жаңа кітаптардан білім нәрін алады. Жоба  жастарға тың серпін беретін басым бағыттардың біріне айналмақ. Аталмыш жоба әлемдегі таңдаулы оқулықтарды қазақ тіліне аударып, оқу үрдісіне енгізеді. Сөйтіп, ең бастысы жастардың гуманитарлық салаға деген қызығушылығын арттыра түсері хақ.
100 оқулық айрықша сараптамадан өтеді. Бұл оқулықтар әлемдік ТОП-100 рейтингіне кіреді. Әлемнің беделді университетінде қолданылып келе жатқан кітаптар соңғы 3 жылда кемінде 3 рет қайта басылып шықты. Себебі, оларға деген сұраныс жоғары. 
Елбасының сарабдал саясаты мен ұлт жолындағы ұстанымдары болашаққа бағдар көрсетумен қатар алдағы рухани дамуымыздың өзегіне айналарына сенім зор. Осы оқулықтармен бірге бейнедәрістердің қатар жүретіні қуантады. Қазірдің өзінде ұсынылған 18 кітаптың 16-сы – ағылшын, 1 –  француз, 1 – орыс тілдерінен аударылды. Түпнұсқадан тікелей аударылған оқулықтардың мазмұны дәлме-дәл сақталады. Бұл студенттер үшін жақсы мүмкіндік.
Жалпы, Л.Толстой атындағы облыстық кітапхана «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша бірнеше жобаны қолға алды. Атап айтқанда, «Рухани жаңғыру – елімізді болашаққа бастар жол», «Үлкен еңбектің үлкен адамдары», «Ғалым. Ұстаз. Қайраткер», «Сөзі қалған артында: ғалым, әдебиет сыншысы Зейнолла Серікқалиев туралы бір үзік сыр», «Өлкетану бойынша жаңа кітаптар» кітап көрмелері келушілердің қызығушылығын тудырды. Бұған қоса «Үлкен еңбектің үлкен адамдары» жобасы аясында елге танымал шаруа иелері – Сайран Бұқанов және Борисом Князевтермен шығармашылық кездесулер өтті. Жақында Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Александр Колядинмен кездесу ұйымдастырылмақ.
Сондай-ақ, толықмәтінді электронды ресурстарды пайдалану жұмыстары жоспарға енді. Кітапхана базасында «Қостанай облысы: тарих, адамдар, оқиғалар» жобасы жүзеге асырылады. Толықмәтінді мәліметтер базасын пайдалану арқылы мерзімді басылымдар, кітаптардың электронды нұсқасына қол жеткізуге болады. Бұған қоса өлкетану материалдары сандық жүйеге көшіріледі. Мәліметтер PDF форматында қолжетімді. Бүгінге дейін 3000-дай құжат көшіріліп алынды. Кітапханашылар өлкетану құжаттарын, газет архивтерін республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйеге енгізеді. Мұнан соң кез келген адам өздеріне қажетті ақпараттарды қарап, жүктей алады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓