Ер – елінің қорғаны

1992 жылдың 7-мамырында Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Мұндай маңызды қадам тәуелсіз еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайта түсті. Мемлекет басшысының Жарлығынан соң елдегі әскер әлеуеті артып, айбынды армиямыздың күш-қуаты артты. Осындай айтулы оқиғаларға байланысты 7-мамыр – Отан қорғаушылар күні болып жарияланған болатын.IMG_45842012 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі 7 мамыр – Отан қорғаушы күнін ҚР-ның мемлекеттік мерекесі деп белгіледі. Мерекеге байланысты 2013 жылы Қазақстан тарихында тұңғыш рет жауынгерлік парад өтті. Салтанатты шеруге барлығы 7 мыңнан астам әскери қызметшілер, 400 бірліктен аса әскери техника, 86 ұшақ пен тікұшақ тартылған.
Бүгінде Отан қорғаушылар мерекесінің маңызы арта түскен. Қостанай қаласындағы Төребаевтар отбасы үшін бұл күн тіпті ерекше. Өйткені, аталған әулеттің екі азаматы әскери салада қызмет етіп жүр.
Мұхит Төребаев Қостанай қаласында орналасқан №6697 әскери бөлімінде айдауылдау бөлімшесінің командирі. Оның әскери қызметте жүргеніне он жыл болыпты. Отан алдындағы азаматтық борышын өтеген соң, келісім-шарт бойынша қызмет етуге қалады. Осылайша, әскери қызметші болып шыға келді.  Қатал тәртіпті қатаң ұстанған Мұхит әскери адам болуды жастайынан аңсаған екен. Бала күнгі арманы ержеткенде ақиқатқа айналды.IMG_4520– Әскерге барып, Отан алдындағы борышты өтеу кез келген ер-азаматтың міндеті. Мен әскери парызымды өтеп болған соң, осы салада қалуды ойладым. Өйткені, әскери қызметші болу менің бала күнгі қалауым еді. Алдымдағы екі ағам да әскери адамдар. Үлкеніміз Марат осы салада абыроймен еңбек етіп, құрметті зейнеткерлікке шықты. Екінші ағам Мұрат қызметін жалғастырып жатыр. «Арбаның алдыңғы дөңгелегі қалай жүрсе, соңғысы солай жүреді» ­деген мақал бар ғой. Бәлкім, менің жауапты қызметті таңдауыма ағаларым себеп болған шығар. Десек те, өз таңдауыма еш өкінбеймін. Өйткені, ер елінің қорғаны болу керек, – дейді Мұхит Төребаев.
Қымбат ДОСЖАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓