Таран ауданына қарасты Майское ауылында мас көлік жүргізушісі үш жеткіншекті қағып кеткен. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Деректерге жүгінер болсақ, қарсы бағытқа шығып кеткен мас жүргізуші велосипед мінген 5, 6 және 10 жастағы үш баланы соғып өтеді. Оқиға салдарынан, түрлі дене жарақатын алған жеткіншектер облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Жол көлік оқиғасына қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.