Мемлекеттік тіл – менің тілім
Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен құрылған «Тілдарын» клубының белсенді мүшелері Жітіқара және Қамысты аудандарының жастарымен жүздесті.
Соның бір жарқын дәлелі ретінде , басқосуға қатысқан аудандардағы жастардың қазақ тіліне деген ерекше ықыласын айтуға болады. Жиын барысында, облыс орталығынан барған «Тілдарын» клубының мүшелері тілге ой-пікірлерімен бөлісті.
Жиын соңы қызықты, әрі танымды ойындармен аяқталды. Белсенділік танытқан жастарға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
Мешіт Ғазиз