Ардагерлерге арналған алқалы жиын
«Нұр Отан» партиясы Сарыкөл аудандық филиалында «Жеңістің 70 жылдығына орай» ардагерлерге арналған алқалы жиын өтті. Оған: аудан әкімі Эльдар Күзенбаев, облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Кенжебек Укин мен жауапты хатшысы Төлеген Шүленов және мемлекеттік мекеме басшылары мен қызметкерлері, аудандық ардагерлер кеңесінің өкілдері мен арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

– Бұл жиынның мақсаты – ардагердің кім екенін түсіндіру. Көптеген қарт азаматтар өздерін зейнетке шыққаннан кейін ардагерлер ұйымының мүшесіміз деп есептейді. Бірақ, бұл дұрыс емес, бәрінен де ұйымға кіру үшін үздіксіз күресу керек, сосын өтініш беру қажет. Сонда «есепсіз» аталып жүрген ардагерлер болмайды.
Жалпы, біздің өмірдің белсенді ұстанымы, қоғамға, болашақ ұрпаққа қажет екендігімізді сездіру, – деп атап өтті өз сөзінде Кенжебек Укин.
Алқалы жиынның соңында К.Укин аудан әкімі Эльдар Кузенбаевқа және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлихан Айғұлақовпен бірігіп жұмыс атқарған ауданның ардақты ақсақалдарына ақ алғысын білдірді.
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы