Латынша даярлық сыныптан басталады

Нөлiншi сыныпқа арналған оқулықтар латын әлiпбиiнде жарық көредi. Ал, нөлiншi сынып жоспардағы 2019 жылы емес, 2020 жылы енгiзiлмек. Бұл туралы ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кеңейтiлген алқа отырысында ведомство басшысы Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.нолевой
Министр 2017 жылды қорытындылап, 2018 жылғы мiндеттерiмен бөлiстi.
«Мектепке дейiнгi бiлiм туралы айтсақ, бiрiншi сыныпқа келетiн бала мектепке толығымен дайын болу керек. Қазiргi уақытта балалардың 85 пайызы әрiп танып, санауды бiледi. Бiрақ, қалған 15 пайызымен жұмыс iстеу мұғалiмдерге қиын. Нөлiншi сыныпты енгiзу алғашқы жоспарымызда 2019 жылға қойылған болатын. Бүгiн бiрыңғай бағдарлама және мұғалiмдердi дайындау кестесi әзiр. Оқулықтар сараптамадан өттi. Ендi 400 мыңға жуық балаға нөлiншi сыныптың жаңа оқулықтарын басу керек болып тұр. Бiз латын әлiппесiне көшетiндiктен оқулықтарды бiржола латынша басқан жөн деп санап отырмыз. Бұл ақша жағынан да тиiмдi. Жаңа оқулықтарды дайындап, сараптама мен апробациядан өткiзуге және мұғалiмдердi дайындауға уақыт қажет. Сондықтан, нөлiншi сыныпты 2020 жылы енгiзбекпiз», – дедi Сағадиев.
Министрдiң айтуынша, қазiргi таңда латын графикасына көшу жұмысымен 4 комиссия айналысып жатыр.

You may also like...

3 Responses

  1. Қолқоюсыз айтты:

    Одной из актуальных тем является переход казахского алфавита на латиницу. И это, по моему мнению, правильно. Плюсы: это мировая интеграция, объединение тюркских народов.

  2. Назгуль Ерденова айтты:

    Одной из актуальных тем является переход казахского алфавита на латиницу. И с переходом на латиницу мы согласны. Это большие плюсы: мировая интеграция, объединение тюркских народов.

  3. Назгуль Ерденова айтты:

    Одной из актуальных тем является переход казахского алфавита на латиницу. И это важное и правильное решение. Плюсы: это мировая интеграция, объединение тюркских народов

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓