Қала тұрғыны: “Арқалықтан Дубай жасар едім”

Арқалық қаласының әкімі Амантай Балғариннің есеп беру жиынына келген жергілікті тұрғын облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтен қаланы дамытуға бөлінген қаржыны өзіне беруін сұрады. Ол Арқалықты Дубайға айналдыруға уәде етіп отыр.received_2058828241052335

Өзін мандатсыз депутатпын деп таныстырған әйел халықтың өтініші бойынша келгенін айтты.
Оның айтуынша, Арқалыққа өте көп қаржы бөлініп жатыр, алайда бұл ақша шенеуніктердің қалтасында кетіп жатқаны көрінеді.

-Халық Кейкі батырдың сүйегін жерлеуге екі миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалғанын айтып жүр. Сіздер маған осы Арқалыққа бөлініп жатқан миллиардтарды беріңіздерші, мен қаланы екінші Дубайға айналдырамын! Мен ешкімді айыптамаймын, бірақ ақшаның желге ұшып жатқанын сеніммен айта аламын”, — деді әйел.

Оның айтуынша, ТБРУ (Торғай боксит кенін басқару) қаладан теріс айналды. Арқалықтың оларсыз жұмыс істеп тұрғанына көп болды. Жастар театрының жөндеуіне 675 миллион теңге бөлді. Бірақ, жөндеуден кейін де шатырынан су ағып тұр.

Қостанай облысының әкімі тұрғыннан дәлел келтіруді сұрады. Егер нақты дәлелі болса, құқық қорғау органдарына хабарлауға кеңес берді.

“Иә, Арқалыққа ақша бөлініп жатыр, алайда оның өзі жеткіліксіз. Араларыңыздан қаланы Дубайға айналдырамын дейтіндер табылып жатыр – мұның бәрі құр сөз. Қазір қала әкімі 20 минут сөйледі, әр теңгенің қайда жұмсалғанын түсіндірді”, — деді Архимед Мұхамбетов.IMG_1271

Арқалық әкімі Кейкі батырдың сүйегін жерлеуге бөлінген қаржыға тоқталып, салтанатты рәсімнің арқасында жолдар жөнделіп, су құбырлары тартылғанын еске салып өтті. Оның айтуынша, тұрғындар оларды қазір де пайдаланып жатыр, сондықтан ақша желге ұшқан жоқ.

Ал, жастар театрының жөндеуіне шын мәнінде 675 миллион емес, 150 миллион теңге бөлінген екен. Сондықтан, Архимед Мұхамбетов жалған ақпарат таратқан тұрғынды сот арқылы жазаға тартуды ұсынды.

Кенже Қонысбай, 

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓