Кітаппен дос болайық (БЕЙНЕ)
Қостанай жастары кітап оқи ма? Оқыса, қандай жанрға жандары үйір? Жалпы, артық уақытын кітапханада өткізетін студенттер рухани азық алуды жөн танып жүр ме, әлде сабақ тапсырмаларын түгендеумен шектеле ме? Осы мазмұндағы сұрақтарын жұптап, журналистика факультетінің студенті Сералы Мырзабай қаладағы Л.Толстой атындағы орталық ғылыми-әмбебап кітапханасына барып келді. Мақсат біреу ғана – кітаптың "достарымен" танысу, өзгелерге де таныстыру. "Жағдай аса мәз емес, – дейді Сералы. – Оқырман залынан екі-үш-ақ студентті ұшырастырдық". Құр қол қайтқаннан тәуір бұл да. Ендеше, ол жас оқырмандардан не сұрады, қандай жауап алды? Бейнебаянға назар салайық.
Бейнебаян авторы мұндай "барлауды" одан әрі жалғастыратынын айтады. Тек басқа кітапханада…
Таспагер әрі монтажшы Бағдат Төлебай