Әкімдер есебі басталды
31 қаңтар,1 ақпан күндері облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Арқалық қаласы мен Аманкелді, Жанкелдин аудандарына іссапармен барады. Сапар барысында өңір басшысы аталған қала мен аудан әкімдерінің халық алдындағы есеп беру жиындарына қатысады және бірқатар әлеуметтік нысанды араламақ. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
31-қаңтар – Жанкелдин ауданы, Аманкелді ауданы; 1-ақпан – Арқалық қаласы.