Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы талқыланды
Ағымдағы жылдың 27 қарашасында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен және облыстық басқарма және департамент басшыларымен бірлесіп, облыстың мемлекеттік және үкіметтік емес секторының өзара іс-қимыл мәселелерін талқыланды. Ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Аққожинаның облыстағы үкіметтік емес секторының жағдайы, сондай-ақ 2017 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру жайлы есебі тыңдалды.
Талқылау барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру және үкіметтік емес ұйымдардың оған қатысуы, Республикалық ҮЕҰ Деректер қоры базасын қалыптастыру, сондай-ақ 2018 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс лоттарының тақырыбы бойынша ұсыныстар ең өзекті мәселелер болды.
Бірлескен диалог барысында үкіметтік емес сектор өкілдерімен үкіметтік емес сектордың өзара іс-қимылын күшейту және рөлін арттыру жайында бірқатар ұсыныстар енгізілді.
Кездесудің қорытындысы бойынша облыс әкімімен басқармалар, департаменттер және әкімдіктерге БАҚ-та, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында ҮЕҰ Деректер қоры базасын қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, өңірдің әлеуметтік мәселелерін, жергілікті қоғамдастықтың қажеттілігін, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламаның іске асыруын ескере отырып, 2018 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға қаражатты көздеу, 2018 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың лоттар тақырыптарын қалыптастыру бойынша тапсырмалар берілді.