Әдемі қыз Әдина
"Ботақаным" байқауының келесі қатысушысы – Әдина Серікбай. Науырзым ауданында туған бүлдіршін 4 жаста. Бүгінде «Балдырған» бөбекжай бақшасының «Гүлдер» ересек тобының тәрбиеленушісі. Отбасының 4 ат ұстары ішіндегі кесте тігер ханшайым. Өлең айтқанды, би билегенді жақсы көреді.