​Тұрғындар тұтынысына – табиғи газ

Қарабалық ауданының Ворошилов ауылына газ берілді. Көгілдір отын желісін іске қосу шарасына облыс әкімінің орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов пен "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ бас директорының орынбасары Мұқан Сәдуақасов қатысып, тұрғындар қуанышымен бөлісті.
 
IMG_0580IMG_0600IMG_0629
Бұл игілік Ұлттық оператор "ҚазТрансГаз" АҚ "Қостанай облысының елді мекендерін газдандыру және газ тарту желілерін жаңғырту" инвестициялық жобасы аясында іске асып отыр. Құрылысы үш ай ішінде аяқталған жобаға 43,457 млн теңге жұмсалған. Жұмыстармен "Қостанай Газ" ЖШС айналысты. Көшеаралық жерасты газ құбырларының қашықтығы 6,9 шақырымға тең. 495 тұрғыны бар ауылда 155 жеке үй болса, соның 49-ы газға қосылған. Тағы төрт үйдегі монтаж жұмыстары толығымен аяқталды. Осынау ақжолтай оқиғаны бір кісідей тамашалауға жиылған ворошиловтықтарды ең әуелі Ғауез Торсанұлы құттықтады.IMG_0616
– Халықтың әл-ауқатын арттыру – біздің басты мақсатымыз. Сондықтан Ворошилов секілді тұрғындар саны аз ауылдардың газға қосылуында үлкен мән бар. Бірінші кезекте ауа тазарады, тұрғындар көмір тасып, ағаш жарудан құтылады. Демек, өзге маңызды шаруаларға көбірек уақыт бөлінеді. Бұл қазіргідей ауыр кезеңде аса маңызды. "ҚазТрансГаз" компаниясы үлкен жұмыс атқарды. Екі жылда облыста 600 шақырым газ құбыры салынады, 50 мыңнан астам тұрғыны бар 8 елді мекенге газ беріледі. Осының арқасында газға қосылған халық саны 10% артады… Ендеше, құрметі ауылдықтар, қуаныштарыңыз құтты болсын, – деді ол.IMG_0593
"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ бас директорының орынбасары Мұқан Сәдуақасовтың нақтылап өтуіне қарағанда, табиғи газды тұтынушы ауылдар қатары келер жылы-ақ толыға түседі.IMG_0594
– Елбасының тапсырмасы бойынша, елімізді газдандырудың бас жоспары бекітілді. Осы жоспарды жүзеге асыру аясында Ұлттық оператор "ҚазТрансГаз" былтыр Қашар мен Октябрь кенттерін газ жүйесіне қосты. Тағы да, Сіздердің ауылдарыңыздан бөлек Тоғызақ, Антонов, Алчанов елді мекендеріне газ беріледі… Жобаға сай, ауыл ішіндегі құбырларды "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ орнатты. Әрбір абоненттің үйінің алдына газ құбыры келіп тұр. Ал оны үйге жалғау, газ жабдықтары мен есептеуіш құралдарды орнату жұмыстарымен қызмет көрсететін мекемелер айналысады, – деп мәлімдеді М.Сәдуақасов.IMG_0628
IMG_0624
Салтанатты шара аяқталысымен Ғ.Нұрмұхамбетов пен Мұқан Сәдуақасов газға алғашқылардың бірі болып қосылған зейнеткер Наталья Сосновскаяның шаңырағына бас сұқты. Сондай-ақ, басшылық өкілдері бұл кісіге газ плитасын тарту етті.IMG_0649
-Біз бұған дейін ас әзірлеу үшін көбіне электр қуатын, газ баллонын пайдаланып келдік. Дауыл соққанда жарық өшіп қалады, ал газ баллоны дәл қажет кезінде таусылады, – деп әңгіме ағыта жөнелді зейнеткер. – Енді, міне, табиғи газ үйге енгелі бұл қиындықтар жойылды. Алғыстан бөтен айтарым жоқ. Сыйлықтарына да көп рахмет!IMG_0654
Тілшілермен сұхбатқа келген өзге де ауыл тұрғындары отын тасу, от жағу бейнетінен құтылып, отауға береке кіргенін, қолдың ұзарып, көңілдің жайланғанын қуана әңгімеледі.
IMG_0656Жандос Жүсіпбек
Суретті түсірген Айбек Жүзбай
 
Ақпарат үшін:
2015 жылдың қараша айында мемлекет басшысының өндірістік процестерді тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасы аясында, сондай-ақ өңірдің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету, газбен жабдықтау және экологиялық ахуалды жақсарту, газ құбырларының қалыпты жағдайда жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "ҚазТрансГаз" АҚ және Қостанай облысы әкімдігі арасында меморандумға қол қойылды. Меморандумға сәйкес, былтыр 13,5 мыңнан астам тұрғыны бар Қашар және Октябрь кенттері газдандырылды. Бүгінгі таңда облыстың 55% тұрғыны көгілдір отынға қосылған. 170 мыңнан астам абоненттің 1656-ы – заңды тұлғалар, жеке тұлғалар саны – 168 624. Алдағы екі жылда олардың саны 220 мыңға жетеді деп жоспарланып отыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓