Отандық орақ техникасы жеңілдікпен беріледі

УборкаОрақ науқаны кезінде фермердің әрбір тиыны есепте болады. "КазАгроФинанс" акционерлік қоғамы "Орақ 2014" бағдарламасын жасады. Мұнда орақ техникасын сатып алуға тиісінше жеңілдіктер қарастырылған.
"Орақ 2014" бағдарламасында "КазАгроФинанс" акционерлік қоғамы қазақстандық аграрлықтарға лизингтің екі кезеңін ұсынады. Біріншісінде, фермер бұрынғы 15 пайыздың орнына 10 пайыз төлеп, техниканы кепілдіксіз ала алады.
Келесі кезеңде фермердің төлемақыны 15 қарашаға дейін кідіртіп, комбайн алуына болады. Фермер кепілдік орнына астық қолхаты арқылы 2014 жылдың астығы негізінде техниканың бағасының 10 пайызын ұсынады.
Бірінші лизингтік төлемақы ұсынысымен фермердің кепілдік құқы артады. Лизинг жағдайымен астық кептіргіштер, күріш жинайтын техника, мақта жинайтын техника алу қарастырылған.
Орақ техникасы 12,8 пайызымен беріледі.  Мемлекет қаржыландырудың жалпылай көлемінің жеті пайызын субсидиялайды. Мұндай жағдайда "Каз-АгроФинанс" акционерлік қоғамының лизингілік ставкасы  жылдық мөлшерлемесі 12,8 пайыз орнына 5,8 пайызды құрайды.
Қазіргі уақытта "КазАгроФинанс" акционерлік қоғамы тапсырыстарды шұғыл түрде жинастыруда.  "АгроМашХолдинг" және "Вектор" зауыттарында құрастырылатын комбайнның отандық өндірісті жандандырары анық.
Нақтылы ақпараттарды "КазАгроФинанс" акционерлік қоғамының облыстық филиалынан, мекенжайы: Қостанай қаласы, Таран көшесі,147 үй, бірінші қабат, алуға болады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓