Орман өрті жиілеп кетті

Бір тәуліктің көлемінде Қостанай облысында төрт өрт тіркелді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды.
өртТілсіз жаудың белең алуы Құшмұрын ауылынан 12 шақырым қашықтықтағы алқапта болды. Қызыл жалынға шарпылған алаңның аумағы 30 га. шамасында. Осы тектес оқиғалар  Амангелді, Наурызым аудандарында  да қайталанған. От ошақтары дер кезінде ауыздықталған. Адам шығыны жоқ. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓