Түнгі клуб өртенді (БЕЙНЕ)
Қостанайдағы «Вест» көңіл-көтеру кешенінен өрт шықты.
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері әзірге апаттың себебін анықтап жатыр. Алдын ала болжам бойынша, тілсіз жау қауіпсіздігін ережелерін сақтамағаннан болуы мүмкін.
Өрт сөндіру кезінде бір қызметкер жараланған. Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов та оқиға орнына келіп, тұрғындарды сабырға шақырды. Түнгі клуб қасындағы үйлерге залал келген жоқ. 6 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған. Куәгерлердің айтуынша, өрт шамамен сағат 8-де шыққан. Өрттің жоғарғы қабаттан басталғаны анықталды.
«Вест» маңындағы және үлкен көпірге шығатын жолдар уақытша жабылды.