Алғашқы бейнебаяны жарық көрді

Көпшілікке «Қазақстан дауысы» тележобасы арқылы танылған әнші, қостанайлық азамат, Торғай өңірінің тумасы Шаһаризат Сейдахметтің алғашқы бейнебаяны жарыққа шықты.
шахБейнебаян «Мақпалжан» әніне түсірілген. Оның режиссері Бақытжан Желдербаев. Туындыда Қапшағай демалыс орнының және Алматы қаласының көрікті жерлері көрсетіледі. «Мақпалжанның» сөзін Ержанат Байқабай жазса, әні Қажымұрат Шешенқұлдікі. Бұл әнді осы уақытқа дейін қос автор және Тоқтар Серіков орындаған болатын. Шаһаризат Сейдахмет аталмыш әнді электронды домбыраның үнімен әрлеп этно-рок стилінде халыққа жеткізуді мақсат тұтыпты. Бейнебаянды Youtube.com ресурсынан көре аласыздар.
Қымбат Досжанова

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓