Бұрынғы қылмыскерге қайырым жасалды

Биыл Қостанай қаласындағы пробация қызметі мен «Асыл бала» ҮЕҰ арасында меморандум жасалған еді. Осы меморандум негізінде Қостанай қаласы пробация қызметінің есебінде 2010 жылдан бері тұрған, ҚР ҚК 74-бабы бойынша жазасын өтеу мерзімі тоқтатылған Л. есімді жағдайы төмен және жалғыз басты ананың балаларына "Мектепке жол" акциясы шеңберінде қамқорлық көрсетілді. Оларға мектеп құралдары мен киімдері сатып әперілді. «Асыл бала» ҮЕҰ басшысы әрі қарай да осы отбасыға көмек көрсетіп тұруға уәде етті.пробац
 
пробАлдағы уақытта Қостанай қаласы пробация қызметі және «Асыл бала» ҮЕҰ бірігіп, есепте тұрған сотталғандардың қылмысты қайта жасауының алдын алу және психологиялық көмек көрсету мақсатында психологиялық тренингтер және басқа да жұмыстарды ай сайын өткізіп тұруды жоспарға алуда.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓