Техника сатып алуға жеңілдетілген несие беріледі
Бүгін Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов жұмыс сапары барысында Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтында болып, ауыл шаруашылығы техникаларының жаңа түрлерімен танысты.Ол осы жылдан бастап отандық өндірушілерден аспалы-тіркемелі ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке алу үшін жеңілдетілген несие бағдарламасы іске асырылатынын атап өтті (шағын механикаландыру). Бұл мақсатқа 5,5 % мөлшерлемемен 5 млрд теңге көлемінде қаржы қарастырылғанын да айта кетті.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.