Үлкен ел – үлкен отбасы

Облыстық Достық үйінің шығармашылық тобы Рудныйда бірнеше қайырымдылық концерттерін ұйымдастырды. Республикалық «Үлкен ел – үлкен отбасы» акциясы аясында өтіп жатқан шараның басты мақсаты – әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдени мұрасы мен тамаша дәстүрлерін халық арасында насихаттау. Бейбітшілік пен бірлік сияқты мәңгілік құндылықтарды паш еткен әртістердің алғашқы аялдамасы №1 арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығы болды. Бұл – жүздеген мүмкіндігі шектеулі жандар мен қариялардың аяулы мекені.1
Облыс орталығынан келген өнерпаздар қазақ, орыс, украин және басқа да ұлттардың танымал әндері мен билерін орындап, көрермендердің жүрегіне жол таба білді. Қамкөңіл жандардың көбі көңілді әндерді қосыла шырқаса, мұңды әуендерде көздеріне еріксіз жас алды.DSC_9464
– Бізге облыстық Достық үйі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері алғаш рет қонаққа келіп отыр. Мен көрермендердің жарқ-жұрқ жанған көздеріне қарап, олар да жастық шақтарын сағынышпен еске алып жатқандықтарын аңғардым. Шығармашылық топтың керемет костюмдері де көптің көңілінен шыққаны анық. Сондықтан біз оларды қошеметтеп, ұжымның атынан тек қана алғысымызды айтамыз, – дейді Рудный қалалық №1 арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығының директоры Татьяна Щербакова.DSC_9543
 
DSC_9454Қайырымдылық концерттерді өткізуді мойнына алған қонақтар алдағы уақытта қаланың басқа да мекемелеріне атбасын тіремек. Сондай-ақ, олар жыл соңына дейін Қостанай облысының барлық аудандарында болуды жоспарлап отыр.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓